19.01.2022
  263


Қабанбай батыр


Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз (1692–1770) - атағы жер жарған қазақтың батыры болған, ол тарихта ірі денелі, өжет мінезді қайсар жауынгер батыр ретінде қалған. Оның есіме көп жерлерде  Қаракерей Қабанбай деп кездеседі. Қабанбай 1692 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында қазақ басындағы қиын кезеңдерде дүниеге келген. 


 


Оның негізі азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл болған, кейіннен оның ержүректігі мен жауынгерлікке икемділігіне қарап Қабарнбай деп атаған, ал кейіннен руына байланысты Қаракерей атауы қосылған. Өзі найман тайпасы ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан шыққан. Оның аталары Мәмбет, әкесі Қожағұл, Қожағұлдың ағасы Күшік те өз заманының аты шыққан батырлары болған. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожағұл соғыста жау қолынан қаза тауып, артынан Есенаман, Есенбай, Ерасыл атты үш ұлы қалған. 


Ағасы Есенбайдың қолында өскен ерке Ерасылдың батыр болуы да бір қызық. Кейіннен ағасы Есенбай да өз жауларының қолынан көз жұмып, Ерасыл өзге туыстарына кетеді. Ол жақта бала жабайы жылқыларға мініп, аң аулап үйренеді. Сол кездерде оған Қабан батыр деген атақ келеді.


Оның алғашқы қатысқан ауқымды соғыстарының бірі — 1718 жылғы Аягөз шайқасы. Осы ұрыста Найман қолын басқарған Қабанбай асқан ерлігімен көзге түскен. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналған.


Иә, расымен де қазақ батырларын ата дегенде, Қабанбайды бірінші атайды екенбіз, ол шынымен де өз заманының хас батыры болған. Ол жауды көзсіз өлтірген, ешбір соғыстан қаймықпай, қылышын ала шапқан хас батыр.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу