18.01.2022
  227


Менің атам

Мен атам мен әжемді қатты жақсы көремін. Немересі болғандықтан ба екен, маған ерекше қамқорлықпен жылы шұрай танытып, құшақтарына қысады. Мен де оларды сәл көрмесем, көңілім құлазып, ол кісілерді сағынамын да тұрамын. Біздің арамызда ерекше байланыс бардай, мен ауыра қалсам олар да бірнәрсені сезгендей, хабарласып, қал-жағдайымды сұрап тұрады.


 


Менің атам ертегілердегідей сабырлы, көзілдірік киіп, үнемі газеттен не кітаптан көз алмайтын ата емес. Менің атам жасы 70-ке келсе де көңілді, ізденісте жүретін, өте дана кісі. Мен атамның жанында болған кезде атамның баласы, ал әкемнің жанында болған кезде әкемнің баласына айналатын қу баламын. Атам мұнымды білсе де сіздің балаңызбын деген сөзіме арқа-жарқа болып, төбесі көкке жетеді. 


Атам бойы ұзын келген, сары, шаштары бұйра кісі. Өзі гитарада керемет ойнайды. Оның айтуынша апам оның осы бір өнеріне тәнті болып, тұрмысқа шыққан екен. Ол әнді де керемет айтады. Тамақты да дәмді жасайды. Екеуіміз үйде жалғыз қалған сәттерде үйде бастандық жасайтын әдетіміз бар. Мен дүкеннен барып, қалаған заттарымды сатып әкелемін де, атам дәмді тамақ пісіреді. Ал содан соң бірігіп фильм не басқа шоу, әзіл-ысқақа бағдарламаларын тамашалаймын. Атаммен өткізге әр уақытым шытырман оқиға секілді өтеді. 


Атам ауырған күндері мен ол кісіге барынша қамқор болуға тырысамын. Жанынан шықпай, жағдайын жасаймын. Бұл кісілер біздер үшін, біздің әкелеріміз үшін көп еңбек еттті. Мен атамның барына қатты қуанамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу