18.01.2022
  321


Менің арманым

Арман адамға талмас қанат бітіреді. Əрбір жанның жүрек түкпірінде жасырулы тұрған арманы бар. Əркімнің асыл арманы əрқилы. Кейбір жандар оны баршаға жар салып айтса, кейбірі іштей арманынын орындалғанын тілеп жүреді. Менің армандарым көп. Бəрінің орындалғанын қалаймын. Арман - мақсаттың түпқазығы. Кез келген істі бастар алдын əуелі оны қиялдап армандаймыз, арманымыз мақсатымызға айналады. Мақсат нақты іс-əрекеттерге ұласады. Нəтижесінде арманымыз орындалады. 


 


Менің анам бөлме гүлдерін қатты жақсы көреді. Үйде əдемі болып құлпырып тұрған гүлдердін көп болғанын қалайды. Əркез гүлдерге анам екеуміз су құямыз, топырағын ауыстырып, шаңдардан тазартамыз. Анам жұмыста кезінде бұл жұмыстарды мен істеймін. Менің арманым - анам жұмыстан келген кезінде үлкен бөлме құлпырған алқызыл гүлдерге толып, жайнап тұрса. Оны көрген анам шексіз қуанып, мені қапсыра құшақтап "балапаным, рахмет үлкен" деп маңдайымнан сүйсе. Міне, анам екеуміз үшін бұл шексіз бақыт. Ал, бұл арманым орындалу үшін мен əлі көп гүлдерді өсіруім жəне дүкеннен анама ұнайтын гүлдер сатып алуым қажет. Мен арманымның орындалатынына сенемін! Менің кезекті арманым - отбасыммен еліміздің көрікті жерлеріне саяхат жасау. Ата-анам, бауырларым баршамыз əуелі ел астанасы - Нұр-сұлтанға барып, ондағы көздің жауын алар зəулім ғимараттарды көріп, Есілдің бойымен жүріп өтсек. Табиғаты əсем Бурабайға, қарт Каспий жағалауына, Алатау бөктеріне, ұлы ақын Абай атамыздың туып-өскен жеріне, Айша-бибі кесенесіне, Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи мовзелейіне жəне көптеген тарихи-танымдық орындарда отбасыммен бірге болсақ. Естен кетпес отбасылық əрі танымдық саяхат жасағым келеді. Бұл менің үлкен арманым. Мен арманымның орындалатынына сенемін! "Мəңгі болып қалу үшін ғаламда Үлкен арман керек екен адамға" деп Мұхтар Шаханов айтқандай, өміріме жаңа жас қосылған сайын, үлкен армандар да қосылуда. Армандар орындалады! Тек орындалатынына қалтқысыз сену қажет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу