18.01.2022
  400


Әлеуметтік желінің зияны

Әлеуметтік желі бүгінгі күннің дерті дейді. Алайда бұл пікірмен кейбіреулер келіспейді. Себебі көптеген адамдардың жұмыстары осы әлеуметтік желімен тығыз байланыста. Әлеуметтік желіге тәуелділік қазір тек жасөспірімдер арасында ғана емес, бесіктен белі шықпаған баланың да қолынан ұялы телефонын ала қою мүмкін болмайды. Оны былай қоя тұрып, әлеуметтік желі бесіктиегі баладан еңкейген қартқа дейін уақытын зая кетіретін виртуалды әлем. 


 


Әлеуметтік желіні десе де оң тұсынан, пайдалы жағынан да қолдануға болады. Мәселен үй тапсырмасын қараған сәтте, кітаптан да бөлек ақпарат табуға болады. Әлеуметтік желі жиырмасыншы ғасырдың дүниесі. Ол бір ғасырдың жиырма жылында ғана осындай дәрежеге ие болса, демек ол уақыт өте келе одан да биіктерге көтеріледі деген сөз. Оны пайдалы жарату өзіңізге байланысты. Мәселен әлеуметтік желіге көп уақыт жұмсауға болмайды. Оған арнайы уақыт бөліп, тек бірнеше сағатпен шектелу қажет. Оның үстіне әлеуметтік желіде отырған уақытыңызда сіздің көзіңз де нашарлайтыны анық. Менің ойымша, тек пайдалы дереккөздерді оқуға, санамызды дамытатын, ойлау жүйемізді арттыратын дүниелерге жұмсаған абзал.


Қазірде тіпті кітаптарда берілетін тапсырмаларда кейбір мәліметтерді интернеттен алу қажет екендігі жазылады. Интернет дұрыс қолданған адамға таптырмас құрал. Интернетте әлемде болып жатқан жаңалықтарда бастап, кез келген сізді қызықтырған дүние туралы мәліметтерді таба аласыз. Сондықтан да мен оның пайдалы, пайдасыз болуы адамның өзіне байланысты деп ойлаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу