Шығармалар ✍️
Ана
Ана - бізді жарық дүниеге әкелген жан. Шыр етіп дүниеге есігін ашқан сәттен бастап жанымызға адамдарды шақырамыз. Жалғыз болудан қорқып, әркез жанымызда жандардың болғанын қалаймыз. Дүниге келген сәттен бастап әркез қасымызда анамыз болады. Бізді киіндіріп, тамақтандырып, өсіреді. Жыласақ жұбатып, қуансақ бізден аса қуанып, әркез тілеуімізді тілеп жақсылықта болғанымызды қалайды. Бұл анаға тән ерекше махаббат.
Ананың махаббаты дүниедегі сарқылмас, қанша рет ренжітсекте сезімі суымас ұлы махаббат. Ананың құшағы ең жылы, ең жұмсақ орын. Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Әрбір перзент анасы үшін әркез бала. Оның өз отбасы, перзенттері болсада анасы үшін әркез бала болып қалмақ. "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" деген сөздің түпкі мағынасы осыда болар. Ана балалары үшін күндіз-түні тынбай жұмыс жасап, баларынын өзгелерден кем болмағанын қалап, сол үшінде әрекет жасайды. Баласынын қуанған дидарын көріп өзі шексіз қуанып, ал мұңайса жан жүрегімен езіле қиналады. Ана мен баланың жүрегі бірге соғады. Баласына бір жағдай болса ана ұзақта жүрседе оны жүрегімен сезіп, көмектесуге асығады. Мұнын бәрі тек анаға тән махаббат.
Ана – өмірдің мәңгі көктемі, жайқалған гүлі, сәулелі күні іспеттес. Ана мейірімін ешқандай жаратылыс бере алмайды. Баласының әр қуанышына шексіз қуанып, баласы үшін тек жақсылықты тілеп, дұға жасап отырады. Әрбір перзент анасының қуанған дидарын көру үшін әркез сыйлықтар жасап қуантуға асығады. Ана баласының көңіл-күйі мен жүрегіндегі сырын айтқызбай-ақ біледі, жүрегімен сезеді. Ана жайлы айтылмаған ән, жазылмаған жыр-дастан жоқ шығар. Анаңды 3 рет қасиетті Меккеге арқалап апарсанда оның алдындағы перзенттік парызыңды өтей алмайсың. Бұл өмірдегі біздің жұмағымыз – анамыз. Ендеше, асыл анамызды құрметтеп, қастерлеп әркез қасынан табылып, қуаныш сыйлайық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter