18.01.2022
  495


Ұлттық құндылықтар

Әр ұлттың өзіндік салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары бар. Қазақ халқы қаны таза, көреген, текті халық. Ұлттық құндылық дегеніміз не? Әрбір ұлттың өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Әрбір үлттың қалыптасуында ұлттық құндылықтың алар орны ереше. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы зор. Өйткені саң ғасырдан бері тәрбиелік мәнін жоймай, салт-дәстүрмен астасып, рухани құндылықтар мен ізеттіліктің асқан жоғарылығымен ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан ұлттық құндылықтар баланың адам болып қалыптасуында зор маңызға ие. 


 


Ұлттық тәрбиемен тәрбиеленген бала қазіргі алма-кезек заманда өз ұлтының ерекшелігі мен құндылығын бойына сіңірген болар еді.  Ұлттық құндылыққа өткен ата-бабаларымыздың елі мен жері үшін жанаямай жасаған ерліктері бейнеленген тарихты білу, сан ғасырдан бері келе жатқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды тиімді пайдалану, жауһар халық ауыз әдебиеті мен өнегелі ұлт қайраткерлерінің халқы үшін жасаған күресі сынды ұмытылмас сезімдер жатады.


Ұлттық құндылықтың асқан биігі – «ұят болады» деген сөзде. Бәрімізге үлкен кісілер «ер адамның жолын кеспе, тамақты әуелі үлкендер бастасын, екі қолдап амандас, көп күліп, көп сөйлеме» сынды көптеген тиым салып, бәріне ұят болады деп бізге дұрыс жолды нұсқаған. Расыменде, ұят бар жерде мәдениет пен адамилық қасиет сақталынып қалары анық.


Қазақ халқының өзге ұлттардан айырамашылы – тектілігінде. Қанының тазалығында. Яғни, жеті атадан аспай қыз алыспау. Бұл ұлтты сақтап қалудағы басты фактор. Осы арқылы біз қанымыздың тазалығына мән береміз. «Жеті атасын білу» бұл болашақ жастардың өз бойында шежіреген және ат-бабаларына деген құрмет пен ізеттілікті білдірері анық.


Ендеше, бала бойына ұлттық құндылықты сіңіріп, оның еліміздің жарқын болашағы екенің біле жүргенңмңз дұрыс. Біз, жастар, ұлттық құндылықтарымызды бойымызға сіңіріп, сол арөқылы өз еліміздің еркешелігін сақтап қалуымыз қажет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу