Шығармалар ✍️
Жақсылық бумеранг секілді
Адамның ең бір жақсы қасиет - жақсылық жасау.
Адам адамға жақсылық жасауы керек. Жақсылық жасау адамгершіліктің белгісі.
Басқа адамдарға көмектесіп жүрген көптеген жақсы жандар көп. Егер адам басқаларға жақсылық жасап, қиын кезеңде жақсылық көрсетсе, ол да оған жанашырлық танытады. Жақсылық жасау әрбір адамның парызы деп білемін. Егер сенде жақсылық жасасаң бір керемет сезімге бөленесің. Айналаңдағыларды ғана емес, өзіңді де қунышқа бөлей аласың.
Бұл өмірде адам ең басты көп жақсылық жасау керек. Адам бұл өмірге адам болып келгеннен кейін, адам болып өтуі керек. Себебі,адам пәк болып туылып, өмірінің соңына дейін солай өтуі тиіс. Жақсылық жасап ,өзіне тиісті парызын орындап, бұл дүниеден өтерде де пәк болып өтуі тиіс. Сонда ғана адам өзін екі дуниеде де жайлы сезіне алады.
Жақсылықтың артында қаншама мейірім мен ізгілік жатыр. Оны түсінудің өзіне жақсы тәрбие керек. Ал тәрбие отбасынан басталады. Кішкентайыңнан жақсылық жасауға бейім болсаң, кейін өзіңнен кішілерге де улгі бола аласың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter