Шығармалар ✍️
Менің ана тілім
Әр адам дүние есігін ашқан сәттен батап былдырлап сөйлеп, айналамен таныса бастайды. Бұл табиғи құбылыс. Әрбәр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл арқылы әлем жұрты елімізді таниды. Тілімізге құрмет көретіп, жоғары бағалайды.
Менің ана тілім – қазақ тілі. Ес жиып, сөйлей бастаған сәтімнен бері осы тілде өз ойымды жеткіземін. Отбасым да бәріміз қазақ тілінде сөйлесеміз. Қазақ тілі маған анамның сүті арқылы бойма тараған. Алғаш осы тілде «апа» деп сөйлей алатынымды көрсеткенмін. Ана тілім мен үшін өте қадірлі.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап лсы тілді үйрене бастадым. Алғашқыда әріптер жаттап, әліпбиді үйрендім. Кейіннен әріптерді қосып сөздер оқи бастап, ал енді қазір қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларын оқы, ой түйіп жатырмын. Осы тіл арқылы өз елімнің тарихы мен салт-дәстүрін біліп, үйреніп өмірде қолданып жүрмін. Жәнеде әлемді осы тілмен танып, біліп жатырмын.
Тіл білу адамға көп мүмкіндіктер есігін ашып береді. Тілді терең меңгерген адамға өзгелермен тілдесу оңай әрі тез болып, достарының санының артуына да жақсы. Менің ана тілімде қазақ халқы, тіпті елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдеріде еркін сөйлеп, өз ойларын ашық айтады. Бқл тілге деген құрмет. Менің ана тілім сөздік қорға бай тіл. Мәнді де мағыналы, ғажап сөздердің жиынтығы. Мен өз ана тіліммен мақтанамын әрі құрметтеймін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter