18.01.2022
  211


Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы – Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері. Ол 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі ұста, етікші болған, ал анасынан 3 жасында айырылып, әжесі Қызтумастың қолында өскен. Жастайынан зерек, ақылды бала Әбділла Тәжібаев және Құрманбек Сағындықовпен бірге мектеп қабырғасында оқыған.


 


Қазақ балаларының жүрегіне Отанға деген патриоттық сезімдер мен сүйіспеншілікті оятатын жалынды сөздері қазіргі уақытта қолданылып келеді. Оның Екінші дүние жүзілік соғыстағы ерлігі тарихта мәңгі қалуда. Әскери тактикасының тереңдігігінің арқасында соғыста әркез жеңіске жетіп отырды. Ол әскери психология мен педагогика жайлы өшпес мұра қалдыра білді. Оның «Бір күннің тархы», «Ұшқан ұя», «Майдан», «Жауынгердің тұлғасы» сынды т.б. шығармалары халық арасында кеңінен танымал.


Батыр тұлға жайлы жазылған естелік кітаптар өте көп. Әзілхан Нұршайықов батырмен болған сұхбатын «Ақихат пен аңыз» атты роман етіп жарыққа шығарды. Өз келіні Зейнеп Ахметова да батыр атасының әрбір келер ұрпаққа қалдырған сөздерін мұра етіп «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты» атты кітаптармен халқықа жариялап отырды.Келіні жазған кітапты оқумен батыр кісінің өте әділетті, көреген, ұлттың қамын ойлаған жанашыр,  рухты батыр жан екенін біле аламыз. Сонымен қатар, Баукеңнің бала тәрбиесінде де қомақты ойларын қазіргі таңда әрбір жас отбасы оқыған, ойға түйгені абзал.


Нар тұлғалы, қайталанбас, біртуар батыр азамат 1982 жылы 10 маусымда Алматыда дүниеден өтті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу