Шығармалар ✍️
Әнұран
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң әлемде жеке дара мемлекетке айналды. Өзінің белгіленген шекарасы мен тілі, діні, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары бар дербез елге айналды. Сонымен қатар, жеке дара мемлекет екенін көрсететін өзінің ұлттық рәміздері де қалыптасты. Олар өзге мемлекттерден айрықша ерекшелеп тұрушы Ту, мемлекеттік елтаңба мен әнұраны.
Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. «Гимн» сөзі грекше «салтанатты ән» деген мағына білдіреді. Барлық салтанатты кештер әнұранмен басталады. Бұл жалынды әуенді естіген бойда адам жүрегінде Отанға деген терең сүйіспеншілік пен патриоттық сезім оянады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы әнұраны екі рет өзгертілді. Алғашқыда 1992 жылы белгіленсе, қазіргі қолданып жүрген әнұран 2006 жылы 6 қаңтарда «Менің Қазақстаным» әнімен белгіленді. Сөзін жазған Жұмакен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Мәтінін жазған композитор Шәмші Қалдаяқов. Осы кісілердің арқасында еліміздің жаңа әнұраны дүниеге келді.
Біз мектепте барлық іс-шараны бастар алдында әуелі әнұранды шарықтап айтамыз. Сол арқылы бойымызға күш жинап, жігерлендіреміз. Қазіргі таңда әлемдік деңгейде көп спортшыларымыз қазақ елінің әнұранын шарықтатып айтқызып жатыр. Әнұран мемлекеттің әлем алдындағы айнасы. Мен өскенде өз елімнің әнұранын шарықтата шырқап, бүкіл әлемге Қазақстанның атын тағы да шығарамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter