18.01.2022
  303


Менің мектебім

Менің алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтім әлі есімде. Мектепке бару үшін мен үйде бір апта ары-бері жүріп дайындалдым. Жаңадан сатып алған мектеп формасын қайта-қайта киіп, арлы-бері жүріп үйдегілерге көрсететінмін. Мектепке бару, партада отыру, ұстаздың айтқан сөздерін бөлмей тыңдау сынды әрекеттер маған қызықтұғын. 


 


Білім күні мені мектепке алғаш әкем қолымнан жетектеп ертіп апарды. Сол сәттегі қобалжу сезімі өте ерекше болды. Мектеп қабырғасындағы кездерім қызықты әрі көңілді өтіп жатыр. Сыныптастарым мен ұстаздарыма үйреніп қалдым. Сыныптас достар тауып, олармен уақытымды көңілді өткіземін. Кейде сабақтан соң сыныптастарымызбен бірге мектеп кітапханасына барып үй тапсырмасын орындап, қайтарда күліп, ойнап қайтамыз. Ұстаздарымыздың әр айтқан ақыл-кеңестерін мұқият тыңдап, оны үлкен өмірде қолдануға тырысамыз. Адам өміріндегі қызықты естеліктер мектеппен тікелей байланысты. Менің мектебім 3 этажды, әр пәнді өтетін өзіндік сыныптар бар. Биология, физика, химия сыныптары секілді. Әр күз бен көктемде мектеп ауласын тазалау жұмыстарын баршамыз бірігіп жасаймыз. Тек сабақ оқып, білім үйреніп қана қоймай, сонымен қатар еңбекке, табиғатты қорғауды да үйренеміз. Мектепте әр мереке өзінше қызықты өтеді. Концерттер мен жарыстар ұйымдастырылады. Әрқилы сабақтан соң болатын үйірмелер ашылып, әр оқушы өзінің қызыққан үйірмесіне барып, өзің жан-жақты дамытуға тырысады. Мұның бәрі біздердің, оқушылардың, игілігі мен қажетіне арналған. Сол себептіде мен мектебімді жақсы көремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу