Шығармалар ✍️
Денсаулық
Денсаулық – бірінші байлық. Дені сау адамның көңіл-күйіде жайдарлы, қуанышты болады. Өмірге деген көзқарасы жақсарып, әрбір таңды шаттықпен қарсы алады. Өмірде әрқашанда күресіп күнелтесің. Кейде әділетсіздікпен, зұлымдықпен, тәнін ауырғанда аурумен күресіп өмір сүресін. Бұл өмір заңдылығы. Біз әркез қолымыздағы алтынды жоғалтып алғанда ғана қадірін білеміз. Денсаулықтың қадірін де ауырғанда білеміз. Денсаулық әрқашанда қадірлі. Дені сау адамның өмірлік мақсаты тұрақты, жасайтын әрекеттері де нақты болады.
Денсаулықты жақсартудың жолдары көп. Әуелгіде, әркез жақсы ой ойлап, көңілді жүру. Өмірге, жанындағы жандарға күлімдеп қарап, өзіннің шұғылалы сәуленді шашып жүру. Негізі көп аурулардың түпкі басталу себебі – жүйке жүйесінің бұзылуы. Кейде жақынымыздан айырылып қайғырып, жылап жатамыз. Әрине, бұл өте қиын жағдай. Бірақ жылағанмен, қайғырғанмен жақын адамымыз қайтып келмейді. Соны нақты түсініп, пайымдап көруіміз қажет. Адамды ойы іштей жеп қояды. Қаншалықты қиын болсада әркез күлімдеп жүруге тырысуымыз қажет. Бұл өмір шындығы.
Күнделікті спортпен тұрақты түрде шұғылдану да адам денсаулығына оң әсерін тигізері хақ. Спорт жарқын өмір кепілі. Дені сау болғысы келген адам күнделікті таңертең бір стакан жылы су ішудің өзі денсаулықтың берік болуына әсерін тигізеді. Суық күндерде жылы киініп, уақытылы тамақ ішіп, көп қозғалыста болып жүру сынды күнделікті іс-қимылдар денсаулығымыздың жақсаруына пайдасын тигізеді.
Денсаулық бізге аманат етіп берілген. Аманқа қиянат жасамау әрбіріміздің басты міндетіміз. Сол себептіде, деніміздің саулығына мән беріп жүргеніміз дұрыс-ақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter