18.01.2022
  153


Жоңғар шапқыншылығы

Жоңғарлар мен қазақтардың соғыстары – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған. Себебі олардың өздеріне тән аттары болмаған деседі. Ойраттардың, қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. 


 


Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы  ойрандады. Себебі, олар біздің енді құрылып , енді дами бастағанымызды және де жеріміздің шұрайлы екенін білді. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып,  Түркістанды,  Ташкентті басып алды. Бір рет жеңіске жеткеннен кейін шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Тайыр ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуға ірі  бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Хақназар хан кезінде қазақ халқы үлкен жеңіске жеткен болатын. 


Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді.


Жоңғар шапқыншылығына қазақ халқы жақсы тойтарыс бере алған . Сол жеңістеріміздің барлығы хандарымыздың арқасында деп ойлаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу