18.01.2022
  817


Менің сыныптастарым

Менің өмірімде сыныптастарымның алар орны тым ерекше. Мен оларды қатты жақсы көремін. Олармен өткізген әр сәт қуанышты, көңілді. Жастық шағымыз сыныптастармен өткізген қызықты сәттермен өрнектелген. Менің мектеп уақытым ғажап өтіп жатыр. Күнде мектепте өзіндік қызық оқиғалар болады. Сабақтан тыс уақытта әркез бірге жүреміз. Бірге тамақтанамыз, бірге ойнаймыз, бұзықтықты да бірге жасаймыз. Сыныпаралық жарыстарда бәріміз бірге сыныптың абыройын көтеру мақсатында жұмыла жарысқа дайындаламыз. 


 


Бірде мектепте сенбілік тазарту жұмыстары болды. Сол кезде біздің сыныпқа спорт алаңын тазалауды тапсырылды. Қыздар сыпырып, ұлдар қоқыстарды шығарып ұйымшылдығымыздың арқасында жұмысты тез аяқтадық. Кейіннен алаңда футбол ойнап, уақытымызды қызықты өткіздік. Бұл да ғажап сәттердің бірі. Сыныптағы әр оқушының туған күнің үлкен мереке етіп өткіземіз. Ортадан ақша жинап, торт, су сатып аламыз. Сыныпта туған күн иесіне жылы лебіздерімізді айтып, өз өнерімізді көрсетеміз. Жаңа жыл мерекесінде «құпия Аяз ата» ойының ұйымдастырып, бір-бірімізге сыйлықтар жасаймыз. Әр мерекеде басқосу кештерін жасап, ойындар ойнап, билейміз. Кейде ұрсысып қалсақта, ертеңіне күлімдеп қайта сөйлесіп жүре береміз. Арадағы реніш өткінші. Өмірімдегі барлық қызықты оқиғалар сыныптас достарыммен тікелей байланысты. Әрқайсысының орны мен үшін бөлек. Қиналғанда көмектесіп, қолұшын созуға әркез дайын жанашыр достарым. Мен осындай мейірімді сыныптас-достарымның барына қуанамын әрі оларды мақтан тұтамын. Кейіннен мектепті аяқтап есейгенімізде де олар менің өмірлік достарым болып қала бермек. Мен сыныптастарымды жақсы көремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу