18.01.2022
  127


Көшпенділер

Қазақ халқы ежелде көшпенді халық болмаған. Сондықтан ол көбіне киіз үйлерде тұрған. Оның себебі киіз үй жазда салқын, қыста жылы болған, оның үстіне оны бір жерден, екінші жерге көшіру өте оңай болған екен. Қазақтың ата кәсібі мал шаруашылығымен айналысуы оның көшнпенді болуына негізгі себеп болған. Ал мал баққанда қыстың күні жейтін шөп табылатын өңірлерге ауысып отырған. Оны қазақта былай дейді: жазда жайлауға, қыста қыстауға ...


 


Көшпенділер мәдениетіне келсек оның қазіргі қазақ салт-санасынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ, себебі бізде әдет-ғұрып, салт-дәстүр дегеніңіз жақсы сақталған.


Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы бәрімізге таныс болар. Кейіннен оның сюжеті бойынша қазақ халқының тарихы туралы керемет кино-картина жарық көрген. Ол әлем кино сахналарында көрсетіліп, ерекше ілтипатқа бөленген фильм саналады. Фильмде  қазақ халқы туралы, оның тыныс тіршілігі, XVIIІ ғасырдағы мемлекеттік санасының қалыптасуы туралы оқиға баяндалады. "Көшпенділер" фильмінің басты назарына 18 ғасырда қазақ жерінде болған нақтылы тарихи оқиғалар, жоңғар жаулаушыларына қарсы қазақтардың азаттық соғысы алынған. Фильмнің негізгі тұлғалары – бізге тарихтан белгілі тұлғалар Әбілқайыр хан, Абылай хан, данышпан Төле би, жоңғарлардың қолбасшысы Қалдан Церен. Фильмнің басты кейіпкері - Мансұр халықты артына ерткен сарбаз жолындағы бар қиыншылықтардан өтіп, кейін Абылай хан атанады. Сүйген қызы - Гауһар есімді батыр қыздың арқасында адами қасиеттерін де жоғалтпайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу