17.01.2022
  284


Менің інім

Жанұя – жалғандағы ең жақын жандарын. Әркез қасынан табылып, сені қолдайтын, сенің қуанышына риясыз қуанатын, мұңайсаң қуантуға асығатын, бар мейірімен сені шексіз жақсы көретін бауырларың. Бауырлар арасындағы татулық пен сүйіспеншілік әрқашанда отбасы жарасымдылығың арттырып отырады. 


Менің бауырларым көп, Аллаға шүкір. Сыйластығы мен бірлігі мығым отбасыда дүниеге келгеніме қуанамын. Бұл тағдырдын маған тарту еткен ең бағалы сыйы. Інім жайлы жазғым кеп жатыр. Інім – менің қолғанатым. Екеуміздің жас айырмашылығымыз бір жыл, тетеміз. Әркез бір затқа таласып, ұрсысып жүреміз. Бір-бірімізді сөзбен мұқатып, екеуіз ғана түсінетін ауыр сөздер айтып, қырлысып жүреміз. Бірақ «бұл екеуі бір-бірің жақсы көрмейді екен» деп ойламаңыздар. Керісінше, екеуміздің арамыздағы махаббат алтынға бергісіз сезім ғой. Ұрсысып, бір-бірімізді ренжітсекте арадағы реніш көп ұзамай ұмыт болады. Ініммен өткізген әр сәт қызықты әрі естен кетпес есіліктерге толы. Бірге тамақ ішеміз, жұмыс істейміз, бірге серуендеміз, кино қараймыз, келекшекке қойған мақсаттарымызды да бірге жоспарлап, оның орындалуына көмектесіп, бір-бірімізге әркез қолдау көрсетіп жүреміз. Ол мені жамандық атаулыдан, өзгелердің ауыр сөздері мен әділетсіздігінен қорғап жүреді. Бұл өмірде кез келген қиыншылыққа сынбай, аяғыма нық тұруыма көмектесіп, өзінің ақыл-кеңестерімен бөлісіп отырады. Көп көріспесек бір-бірімізді сағынып, іздейміз. Екеуміз ғана түсінетін әзілдеріміз бен ұрыстарымызды, таласатын кездерімізді сағынып, сағынысып көріскенімізде де ұрсысып отырамыз. Сол себепті де мен інімді шексіз жақсы көремін. Бұл іні мен әпке арасындағы риясыз махаббат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу