Шығармалар ✍️
Жеті жарғы
Халықтың дәстүрлі құқықтарын сақтауда Тәуке ханның алар орны маңызды. Тәуке ханның заманы халық жадында алтын ғасыр деген атаумен есте қалды. Хан ұзақта әрі мағыналы ғұмыр кешті. Өзінің көреген саясаты мен жақсы қасиеттерім мен жан-жақты ойлай алатын көрегенділігінің арқасында біршама уақыт хан болып отырды. Көптеген маңызды жұмыстар хан кеңесі – билердің, батырлар мен сұлтандардың бас қосулары арқылы шешіліп отырды. Тәуке хан әркез қазақ мемлекетін нығайту жолдарын жақсартуды көздеді.
Жеті жарғы – Тәуке хан тұсында қабылданған дәстүрлі әдет-ғұрыптар жинағы. Жеті жарғы жеті бағыттағы баптардан тұрады. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдіреді. «Жеті жарғы» - жеті құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық, жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болған.
Халықтың татулығы мен бірлігін ойлаған барша ру, тайпа басшылары, халық билері жылда күзде Күлтөбе деген жерде жиналып тұратын. Бұл жерде хандықтың ішкі және сыртқы саясаты, көшіп-қону мәселелері талқыланатын отырды. Бұл жиынға халықтың Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би сынды әділ билер жиналып, осы жарғының шығуына өз үлестерін қосып отырған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter