Шығармалар ✍️
Ұстаз ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы есім. Ұстаз дана адам, ол барлық оқушыларға пана бола білген кісі. Ұстаздың сабырлылығына, даналығына барлық адамзат бас иеді деп ойлаймын. Кез келген адам ең алғаш осы өмірге алып келген анасына алғыс айтса, екінші кезекте өзіне білім берген, сапалы ілім берген ұстаздарына алғысы шексіз болуы тиіс.
Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген сөздерінің жаны бар, барлығы да мұғалімнің бізге берген сарқылмас білімі мен баға жетпес тәрбиесінен бастау алады.
Ұстаздың жүзі жылы, көңілі жұмсақ келеді. Әр оқушысын өз баласындай көріп, өз баласындай асыл тәрбиесін берген ұстаздардың жұмысы әрдайым жоғары бағаланады. Ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші.
Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. Әр уақытымызды құрметтеп, мейірім шуағымен бөліседі. Өмірін ұстаздыққа арнаған адам өмірінің соңына дейін құрмет көшеметке ие болмақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter