17.01.2022
  491


Әкешім асқар тауым

Әке асқар тау, шеше мөлдір бұлақ. Әке бала үшін әрдайым қолдау көрсетуші, оны тіреушісі, асыраушысы. Әр баланың өміріндегі әке орны ерекше, сол себептен де әкелерімізді мәңгілік құрметтеп, кішіпейіл бола білуіміз қажет. Әкеміздің арқасында біз материалды жеткілікті болып келеміз. Егер ата-анамыз болмағанда біздің күніміз не болар еді десеңізші. Біз үшін аянбай ең етіп, ыстық демей, суық демей қарнымызды тойдыратын да, киімізді бүтіндейтін де осы әкелер. 


 


Әке тірбиесі бала психикасындағы ең маңызды кезең деп айта аламын. Біздің біраз еркеліктеріміз бұл кісіге ұнай бермейді, десе де ол балалары үшін ең жақсысын тілейді. Шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеріп, отбасының тіреушісі бола біледі.


Мен де өз әкемнің жүзінен тек сабырлы, қайратты адамды көріп дағдыландым. Десе де, әкем менің маңдайымнан иіскеп, басымнан сипағанда осы әлемдегі ең тәртіпті баладай сезінемін.


Қашан да қамқор болған сан үмітке,
Өтермін сақтауменен салтыңды әсем.
Көнбей ме көңіл шіркін кәрілікке,
Өкпелеп қалмайсың ба "қартым” десем!


Айтарым, әкелерімізді құрметтеп өтейік, қартайғанда қамқор болып, еш уақыт жалғыз қалдырмайық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу