Шығармалар ✍️
Дін
Дін - қолмен ұсталмайтын, тек әр адамның жүрегінде болатын ерекше сенім ұялататын қасиетті құбылыс. Дін әр адамның ең жанды жері іспеттес. Одан бас тарту не өзгерту оңай шаруа емес. Дін әлемде ең әуелгі замандар шенінде-ақ қалыптасты.
Ең алғашқы пайда болған дін - Будда діні. Кейіннен әлемге Иссус Хриссустың келуімен христиан діні пайда болды. Ал ең соңғы және ең тез тараған дін - Ислам діні болып табылады. Будда дінінде адамдар белгілі бір қолмен ұстауға болатын заттарға, мәселен піл не қуыршақ келбетіне бағынып, тілек тілейді. Ал христиан дінінде адамдар шіркеуге барып құлшылық жасайды. Олардың пайғамбарлары - Иссус Хриссус болып есептелінеді. Тіпті Иссусқа байланысты көптеген қызықты оқиғалар бүгінгі күнге дейін жеткен. Ал әлемде ең соңғы пайда болған дін ислам дінінің пайғамбары - Мұхаммед пайғамбар. Ол өте дана кісі болған деседі. Ислам дінінде адамдар мешітке барып Жаратушы Алла тағалаға құлшылық етеді.
Дін 2-ге бөлінеді. Тек құдайлық және көп құдайлық. Дін сөзі араб тілінен аударғанда сыйлық, үкім, есеп, жаза, мойынсұну, бағыну, құлшылық, шариғат, заң, жол, тіпті, кейбір жағдайларда ұлт деген мағыналарды береді.
Дін адамды екі дүниеде де бақытты етеді деп сенілетін, дұрыс жол көрсететін наным-сенім. Ол адамның бүкіл іс әрекеттерін адамгершілік, ізгі әдеттерге жетелейді.
Дін бойынша рұқсат етілетін және тыйым салынатын дүниелер болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter