17.01.2022
  201


Киіз үй

Қазақ халқы жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонып жүретін көшпелі жұрт. Арлы-берлі көшуде жинап, қайта жаюға ыңғайлы киіз үй болған Киіз үй қазақ халқының ерекше баспанасы. Ол тек қазақ халқының емес, сонымен қатар қырғыз, моңғол сынды көшіп қонып жүретін халықтың ортақ баспанасы. Киіз үй тез жиналып, көлікке артып көше беруге, тез қайта жая салуға ыңғайланып жасалынған.


 


 


Киіз үйдің құрылсы дегеніміз – керекге, ағаш есік, уық, шаңырақ. Киіз үйдің сүйегі арнайы дайындалған ағаштан жасалынады. Кереге – киіз үйдің шеңбер қабырғасын құрайды. Керегені шыбық талды кесіп, кептіріп, оны қоламтаға төсеп балқытады. Және оны бір қалыпта қатырады. Қалыпқа келген талды жонып, жұмырлап, жосамен бояйды. Көк өткізетін тор көздің біріккен жерін бізбен тесіп, түйенің мойын терісінен жасалған таспамен көктейді. Уық – шаңырақ пен керегені байланыстыратын бөлшегі. Шаңырақ – киіз үйдің күмбез төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлшегі. Қазақ ұл-қызына бата бергенде «Шаңырағын биік болсын» деуі де осыдан шыққан. Шаңырақтан кейін киіз үйдің қасиетті бөлшегі – босаға. Босаға қашанда да қасиетті ұғым болған. Халық арасында «Босағада тұрма», «Босағаны оң аяқпен атта» деген сынды ырым-тиымдар өте көп. Әр ырымның соңында бір шындық бары анық.


Киіз үйдің құрылысымен қоса оған сән беруші жиһаздар және бар. Кебеже, сандық, асадал, жүкаяқ, әбдіре сынды үй жиһаздары тұрмыстық жағдайға ыңғайланып жасалынған. Арлы-берлі көшіп жүргенде осының бәрін арбаға артып, қоныстанған жерін қайта құрып жасай берген. Қазіргі таңда ешкім киіз үйді қолданбайды. Тек ұлттық мерекелерде ғана жасалынып, ішін үй жиһаздарымен әсемдеп қояды. Бұрындағы қолданған баспана қазір тарихтың жұрнағы болып қалды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу