Шығармалар ✍️
Қазақ киносы
Қазақ киносы көп жылдық тарихы бар өнер түрі. Ол ұлттың құндылығы, қазақтың сол байырғы кезеңдерден бергі салт-санасын, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын өнер туындысы болып табылады. Қазақ киносы өткен ғасырдағы кино туындылардан қазір әлдеқайда басқа дәрежеде. замнауи эффектілер киноға ерекше әсер береді, ал қазақилық пен заманауилылық қосылғанда мүлде бөлек картина жасалынып шығатыны бар.
Қазақ киносында ерекше еңбек еткен, қазақ фильмін мәшөүр еткен атақты кинорежиссерлердің бірі Шәкен Айманов. Шәкен Айманов қазақтың ұлттық кино тарихындағы жарқын тұлға екендігі уақыт зымырап өткен сайын айқын сезіле түсуде. Қазақтың ұлттық кино өнерінің өрістеуіне өзіндік еңбек сіңірген хас шеберлер – Сұлтан Қожықов, Мәжит Бегалин, Абдолла Қарсақбаевтың киношығармашылық кезеңдері де Айманов есімімен басталып, Айманов есімімен аяқталады.
Қазақстандағы киноиндустрияның бүгінгі күніне баға берер болсақ, ол әлі де біршама жаңғыруды талап ететін алаң. Біздің киноға әлі де көптеген дүниелер жетіспейді деп ойлаймын. Десе де бүгінгі күні отандық фильмдер кинотеатрларда көрсетіліп бірталай қаражат жинап отыр, яғни өзін-өзі ақтап қана қоймай, 2-3 есе пайда көріп отыр. Бұл әрине жылдар бойындағы еңбектің нәтижесі болуы керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter