17.01.2022
  130


Қыс жайлы

Таңертең тұрсам айнала аппақ көрпеге оранған. Пәктік. Адалдық. Сұлулық. Жанға жайлы.


 


 Ағаштардағы бұтақтар қарды көтере алмай майысып тұр. Терезедегі  аяздың салған суреті көздің  жауың алады. Жол тайғақ, көліктер ақырындап жүреді. Адамдар суықтан тоңып, әбіржулі. Бірақ іштей қуаныш пен жылулық бар. Үйлердің мұржасынан түтін шығып, адамдардың оянғанын білдіруде. Балалар  шексіз қуанышты. Бір-бірлерімен қар атысып, шана теуіп  ойнап жүр. Басқалары аққала жасаумен әуре. Қалың қардан соң күн шықты. Аппақ қар күн сәулесімен шағылысып маржандай сұлулықты көрсетуде. Нағыз сұлулық осы болар түсінген жанға.


Қысты барша жан асыға күтеді. Бұл мезгілде төл мерекеміз – Тәуелсіздік күнін тойлаймыз. Ғажайыпқа толы мереке – Жаңа Жыл да осы  мезгілде. Бәрі көңілді, бәрі қуанышты. Іштей бір ғажайыптың болатынына сенеді, күтеді. Айнала, мектеп, үйіміз мерекеге сай безендірілген. Төрде шырша жарқырауда. Сағат тілі түнгі он екіні ұруын күтеміз. Баршамыз дастархан басында бір-бірімізге тілек айтып, құттықтаймыз. Отбасы татулығың арттыратын осы Жаңа Жыл мерекесі үшін мен қысты жақсы көремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу