17.01.2022
  162


Дін

Дін өте ауқымды әрі жауапты тақырып. Дін дегеніміз не? Дін – адамдардың өмірлік ұстанымы. Діні берік елдің келегшегіде жарқын болары анық. Аллаға шүкір, мен мұсылман отбасында дүниеге келдім. Араласатын ортамда әлемдегі ең таза дін – Исламды ұстанушы мұсылмандар. Әлемде көп тараған 3 дін бар: ислам, христиан және буддизм. Әрқайсысының ұстанымы бөлек болғанымен түпкі ойы жалғыз бір Алланы еске алу болып табылмақ.


 


Біздің бұл өмірге келуіміздің өзі Алла Тағаланың бізге берген шексіз нығметтерінің бірі. Мұсылман отбасында дүниеге келгеніме қуанамын. Өйткені жанындағы жолдасын қай дінде болса сенде сол діндесін. Қазір күн көріп жүрген өмір уақытша. Жалған. Шектеулі. Бұл бізге сынақ ретінде берілген уақыт аралығы. Осында жасап жатқын әр іс-қимылымызға Фәниде жауап береміз. Өзгеге жасаған жақсылығымыз бен жамандығыз бәрі өзімізге қайта оралады. Сол себепті де қазір қолымызда мүмкіндігіміз барда өзгеге сөзбен не іспен болсын жақсылық жасап сауап жинауымыз маңызды.


Өмір кейде әділетсіз болып көрінуі мүмкін. Бірақ шынтуатында, бәрін бір Алла көріп тұрғасын әділетсіздік орын алуы мүмкін емес. Өмірдегі болып жатқан әрбір оқиғаның өзіндік бір қайыры бар. Мейлі жаман оқиға болсын, бірақ соңында қайырлы болып шығады. Өйткені бізге ненің қайырлы, не қайырсыз екенін бізге қарағанда бір Алла жақсы білуші.


Ислам дінінің басты насихаттайтыны бір Алланы тану мен оған риясыз құлшылық жасау. Біліп, білмей жасаған күнәларын үшін шынайы жүрекпен кешірім сұрап, тәубе жасау. Пенденің жасаған шынайы тәубесі қашанда қабыл болары хақ. Өмір қиыншылығына кезіккен сәтте жасымай, қайғырмай бір Алладан көмек сұрап, дұға ету біздің пенделік парызымыз. Дұға – адамзаттың қорғаны. Барлық кедергі мен мәселені дұғаның көмегімен жеңе аламыз.


Алланың тиған жолдарынан тиылып, бес парызын уақытылы орындап, әркез Оны еске алып, кешірім сұрап, ораза ұстап, өзгелерге көмектесіп, жақсылық жасау арқылы сауап жинап Алла Тағаланың қасында барғанда сауап тола «қалтамызды» ұялмай көрсете алатындай өмір сүруіміз қажет-ақ. Алла баршамыздың жүрегімізге иманның сәулелі жарығын шашқай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу