Шығармалар ✍️
Тәуке хан
Тәуке хан өз кезінде әділдікпен, адалдығымен, бітімгерлігімен, билеушілік қабілетімен, әділ саясатымен ел есінде қалған. Ол 1680-1718 жылдары билік құрған. Ол атақты "Жеті жарғының" авторы. Ол қазақ елінің ең алғашқы заңнамасын жасаушы болған. Тарихта қалған атақты билеушілердің арасында ең беделдісі саналады.
Тәуке атағы жер жарған Залым Жәңгір ханның баласы. Тәуке хан болған жылдары елдің ішкі-сыртқы саясаты аса мәз емес еді. Бірақ ол елді алға сүйреуге ерекше ықпал етті. Ол өзге елдермен жақсы қарым-қатынас орнатып қана қоймай, сыртқы экономиканы реттеуге, сауда жағын дамытуға тырысады.
Жалпы бұл билеушіге қазақтың айтар алғысы көп шығар. Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter