Шығармалар ✍️
Жыл құстары
Құстар – табиғаттың ерекше жаратылысы. Олар табиғатқа өзгеше көрік береді. Олардың даусы табиғаттың ажырамас бөлігі.
Құстар ауа салқындағанда жылы жаққа ұшып кетеді. Көктем келіп, күн жылығанда бұрынғы ортасына қайта келеді. Құстардың әсем көрінісін көп жағдайда сұлулық пен еркіндік ретінде қолданамыз. Мәселен, біздің көк байрақты туымызда қыран құс бейнеленген. Ол ашық аспан әлемінде қалықтап ұшқан еркіндіктін белгісі. Ал, сұңғақ мойынды аққу махаббат пен адалдықтын символы. Бұл киелі құс, оны атуға, оған зәбір көрсетуге болмайды. Кейбір құстар біздің достарымыз. Солардың бірі – қарлығаш. Әр көктем сайын өзінің тастап кеткен ұясына қайта оралып, бұрынғы ұясын жаңалайды. Оның шырылдаған әсем дауысы үйге ерекше көрік береді. Анамыз бізге әркез құстарды аялау, оларға арнайы ұя жасап беру керектігін айтып отырады. Сол арқылы бізге қоршаған ортаны, табиғатты қорғау керектігін үйретіп жатыр. Құстарды аялап, олардың жұмыртқасын жарып жеруден қорқуымыз қажет. Әркез оларды қорғап жүрейік.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter