17.01.2022
  263


Каспий теңізі

Каспий теңізі Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан. Теңіз атауы "Каспий" тайпасымен байланысты қойылған. Сондай-ақ, теңіз бұрындары Гиркан, Хазарс, Хвалын деп те аталған. Каспий теңізі және оның жағалауындағы тайпалар туралы алғашқы деректер Геродот жұмыстарында жазылған.


 


Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км, оның орташа ені - 320 км, жағалау сызығының ұзындығы – шамамен 7000 км-ге (6000 км Ресей мен басқа елдердің территорияларына тиесілі) созылып жатыр. Теңіз деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 (1971 ж.) төмен. Ең үлкен теңіз тереңдігі - 1025 м (оңтүстік бөлігінде). Теңіздегі судың орташа тұздылығы - 12,7-12,8% болса, шығыс жағалауында - 13,2%, Еділ мен Оралға жақын аудандарда - 0,1-0,2%. 


Ол Еуропа мен Азия арасында орналасқан жер шарындағы ең үлкен ағынсыз көл болып табылады. Оның көлеміне байланысты теңіз деп аталады. Каспий теңізі 5 мемлекетке бірдей тән. Қазақстанға жағалау сызығының 29%-і (2340 км), Түркменияға - 21%-і, Әзірбайжанға - 2 - Ресейге - 16%-і, Иран Ислам Республикасына - 14%-і тән. Каспий теңізі қазан түбінің бедері бойынша үш бөлікке бөлінеді. Солтүстік бөліктің шекарасы Маңғыстау түбегінің бойымен өтеді. Орта бөлігі одан Апшерон түбегінің шегіне дейін созылады, қалған аумақ оңтүстік бөлігін құрайды.


Бүгінде бұл маңдарға адамдар демалу үшін көптеп барады. Ол өлкенің ең көрікті жерлерінің бірі саналады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу