17.01.2022
  136


Қыз өссе елдің көркі

Қыз қонақ. Қызды ертеден-ақ атам қазақ ерекше құрметтеген. Қыз кішіпейіл, тәрбиелі, инабатты, ибалы болуы қажет деп саналған. Тіпті бүгінгі күнге дейін қыздың орны ерекше, қызды үйде төрден түсірмейді. Ол тек барған жерінде, отау тіккен өз үйлерінде ғана босаға жақта, төменде отырған. Ал өз үйінде қызға ерекше құмет кқөрсетіледі. Сондай-ақ қыз баласын жастайынан қырық үйден тыйып өсірген, нәзік етіп жетілдірген.


 


«Қызға қырық үйден тыйым» деп қазақ салт-дәстүрінде қызға қойылған тыйымдар тізбегін айтады. Жарыса сөйлеуге; жалғыз қыдыруға; жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге; орынсыз ұрынуға; басқаларға қол тигізуге; өтірік; өсекке; суық жүріс; сумаң қылыққа; кісіге қарай керіліп есінеуге; талтайып отыруға; шалқайып жатуға; тамақты обырлана асауға; ұрлық-қарлыққа; ұятты мүшелерін ашып жүруге; бұраңдап қылымсуға; қызыл іңірде жатуға; түске дейін ұйықтауға; кісі алдында киім ауыстыруға; салт-дәстүрден аттауға; елді ғайбаттауға; үлкендердің жолын кесіп; атын атауға; ішімдік ішу пен шылым шегуге; ұрыс-керіске; беттен алып, бет жыртысуға; қараулыққа, ысырапқа; рахымсыздық пен қатыгездікке; түнде суға жалғыз баруға; жат жыныстылармен араласып жатуға; күйеуге қашып тиюге; әдепсіз сөзге; тарс-тұрс етуге; адам мен жануарларды тебуге; кісіні қорлап жәбірлеуге; тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға; айқай-сүреңге; шектен тыс сыланып жасануға; қызғаншақтық пен күншілдікке; менмендік пен өзімшілдікке; алдап-арбауға; көрсеқызарлыққа; нәпсі құмарлыққа тыйым деп мұнда жалпы түсініктен гөрі тыйымдарды атап көрсеткен екен.


Қызды гүлге бекер теңемесе керек. Қыз болмысы қашан да нәзік бейнеленеді. Ата-анасы қызын елдің бетіне тік қарайтындай намысын мығым, көңілін таза етіп өсіруге тырысады. Жалпы қыз тәрбиесі әр үй үшін аса маңызды рөл атқарады. Қыз отбасының ғана емес, елдің айнасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу