17.01.2022
  197


Ауа-райы

Ауа-райы – табиғаттағы болып жатқан құбылыстардың бір бөлігі. Әркез құбылмалы болады. Бірде жарқырап күн шығып тұрса, бірде аспан әлемін күңіренген бұлт қаптайды. Жел мен дауыл, қар мен жаңбыр және бар.


 


Мұның бәрі ауа-райының  белгілері. Ауа-райы адамның көңіл-күйіне тікелей байланысты. Әсем күн сәулесін шашып, күлімдеп тұрса адам жанын ерекше күйге бөлейді. Әр сәттен ләззат алып, қуанышты күйде жүреді. Ал егер күн бұлттанып, жаңбыр жауып тұрса, керісінше, адамның көңілі құлазып, бойын қимастық сезім билеп, жүректегі қоламталанып қалған естеліктердің бетін ашады.


Қазіргі таңда үйден шығар алдын әуелі ұялы телефонымыз арқылы ауа-райын жай-жапсарын қарап күн ұзағына киетін киіміз бен баратын жерлерімізге жоспар құрамыз. Алайда, ауа-райы денемізді жауратса да көңіліміз әркез жаздағы жайма шуақ күндердегідей көңілді болғай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу