17.01.2022
  143


Шымкент қаласы

Шымкент - Оңтүстік Қазақстанның жүрегі. Йя, қазір обылыс Түркітан болып, орталық Түркістан қаласына ауыссада Шымкент әркезде де оңтүстікің жүрегі болып қала бермек.


Шымкент – күнсанап дамып келе жатқан еліміздегі ірі қала. Мүмкіндіктер қаласы. Еңбекқор жастардың шоғырланған ордасы. Қала әсемдігін сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес. Жасыл қала. Жайдарлы қала.


 


Шымкент – ыстық қала. Ауа-райы да, халқы да, тыныс-тіршілігі де ыстық мекен. Қаланың іргетасы сонау ХІІ ғасырда қаланып, бүгінгі күнге дейін қала атауы Чимкент, Черняев, Неджикент  болып айтылып келген. Ал қазіргі атауы «Жасыл қала, бау-бақшалы қала» деген мағынаға сыяды екен. Халқы өте еңбекқор, жайдарлы болып келетін бұл қала аймағы Қазақстанды көкөніс, жеміс-жидектермен қамтамасыз етіп отырады. Адамдары өте бауырмашыл әрі қонақжай. Көмек қолың сұрасаң сол мезетте көмектесуге,қиналғанда қасынан табылуға тырысатын өте мейірімді әрі жанашыр жандар


Шымкент – қазақтың көне салт-дәстүрлерін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан қала. Салт-дәстүрдің мызғымас орталығы. Қазақ мәдениеті  мен тілін бұзбай сақтап келе жатқан еліміздегі айтулы шаһар. Қала сұлулығың сөзбен жеткізу мүмкін емес. Аспанмен теңесер биік-биік ғимараттар мен сұлулығы өзгеше құрылыстар қала көркіне көрік қосып маңғаздана бой көтеріп тұр. Халықтың қолданысы үшін әрқилы жайлы баспаналар мен ойын-сауықтық орталықтар қала әсемдігіне әсемдік қосып тұр.


Шымкент – өнер-білімнің ортасы. Мұнда білім алуға құштар жастардың өсуіне мүмкіндік өте көп. Білім ордалары мен әрқилы үйірмелердің сан түрі бар. Бұлардың бәрі қала жастарының білімді әрі көрегенді болып өсуіне жасалынған мүмкіндіктер.


Тек Шымкент емес Қазақстанның барша қалаларында жастардың білім алуына мүмкіндіктер жасалануда. Бұлардың бәрі біз, жастар, үшін. Ендеше, мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып еліміздің өсіп-өркенденуіне өз үлесімізді қосқанымыз жөн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу