Шығармалар ✍️
Менің ана тілім - қазақ тілі!
Менің ана тілім - тарихы терең, сөзі көркем қазақ тілі. Мен өз тіліммен әр уақытта мақтанып жүремін. Себебі ана тіліміз әрдайым жүрегіміздің түкпірінде сақтаулыдай. Ол қашан да ыстық, құлаққа жағымды. Жүрегі елім деп соққан әр ұлттың азаматтары үшін өз ана тілі ерекше құрмет, ықыласқа ие болуы тиіс деп білемін.
Ана тіліне арнап жыршылар жырын, әншілер әнін, ақындар жыр-шумақтарын арнап жатады. Оның бәрі тілге деген ерекше қөұрметтен деп түсінемін. Бізге де мектепке ең алғаш қадам бастаған сәттен бастап-ақ ана тілін үйретеді емес пе? Неліктен деп ойлаймсыз? Біз тілімізді толықтай меңгермегеннен бе, жоқ әлде махаббаты оянсын деп пе? Расында бір тілді бірер жылда меңгеріп біту мүмкін емес. Мен тіпті кейде қазақтың ескі жазушыларының туындыларын оқып біршама қиналып қаламын. Қаншама қолданыстан қазіргі заманға жетпей, шығып қалған сөздер бар. Осындай сәтте өзі тілімнің қаншалық бай әроі мазмұнды екендігіне қайран қалып жатамын.
Ана тілің арың боп, ұятың болып тұр бетте... деген өлең шумақтары бәріңіздің де есіңізде болар. Бұл шумақтар менің санамнан мәңгі өшпестей. Менің өз ана тіліме деген ыстық ықыласым мен мақұаббатымның себепшісіндей болып сақталды. Мен өз тілімді шексіз сүйемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter