17.01.2022
  146


Адам

Жаратылғандардың ішіндегі ең ақылдысы адамдар. Өмірде болатын әрбір жағдай адамның іс-әрекетімен болып жатады. Жақсылық пен жамандық, соғыс пен бейбітшілік сынды кереғар ұғымдарды ойлап тауып, оны қолданып жүргендер де адамдар. Адамның қолынан бәрі келеді. Жақсылық жасауда немесе бір адамды өмірден жоғалтуда. Бәрі бір Алланың қалауымен, адамның қолымен жүзеге асады.


 


Өмірде ең қиыны адам болып қалыптасу. Дүниеге алғаш пәк күйінде келген сәтіміздегідей пәк, бейкүнә болып қалу барлығымыздың өмірдегі басты мақсатымыз болғаны жөн-ақ. Әлемде қаншалықты қатігездіктер орын алсада адам бойындағы мейірімін жоғалтып алмауы аса маңызды. Жақсылықты жасаған қол жамандықты да жасайды. Сұлулықты көрген көз ұсқынсызды да көреді. Тәтті сөзді айтқан тіл ащыны да айта алады. Ендеше, бәрі адамның өз ішінде. Жақсы болам десе бола алады.


Адамның ойы өз өмірін қалыптастырады. Біз нені ойлап, не қаласақ сол міндетті түрде орындалады. Табиғат заңдылығы. Бастысы орындалатынына шүбәсіз сену қажет. Сол себептіде әркез жақсы ой ойлап, жақсы сөздер айтып өмір сүрсек әр күніміз қуанышты, шад-шадыман болары сөзсіз. Халқымыз «жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтпайды. Әркез мәнді де мағыналы сөздер айтып әлемді жақсартуға бар күшімізбен атсалысайық. Әлем біздерден, адамдардан, құралған ғой. Ендеше, әлемді жақсы жаққа өзгеру бәріміздің қолымыздан келеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу