Шығармалар ✍️
Керей мен Жәнібек
Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының негізін қалаған екі жауынгер, билеушілер. Олар ең алғаш қазақ-өзбек деп аталатын екі тайпаны Әбілқайыр хандығынан бөліп әкетіп, өз алдынан жеке хандық құрған екі батыр болған. Олар бірлесе отырып, Есенбұға бөліп берген аядай жерді кеңейтіп, қазаққа тиесілі еткен. Бұл екі батыр тарихта елдің негізін қалаған екі әділ билеуші ретінде, дос ретінде қалады.
Бұл туралы тарихта Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінде Жәнібек пен Керей хандар 1465 жылы Шу өзенінің бойында Қозыбасы деген жерде қазақ хандығының іргесін қалады деп жазылған екен. Бастапқыда Әбілқайырдың Өзбек хандығынан бөліп алып кеткен азынаулақ жасаққа ешкім мән бермегенімен, көп ұзамай ол жасақ бір тұтал хандыққа айналады. Сол кезден бері олар қазақ атанып, жау атаулыға мойынсұнбай, жерлерін, елдерін бүгінгі күнге дейін аман етеді.
Жазба деректерде Керей ханның есімі көбінесе Гирей, Герей, Кирай, Керей делініп кездеседі. Ал енді Жәнібек ханға келсек, тарихи деректерде оның есімі әртүрлі жағдайларға байланысты Керей ханға қарағанда жиі кездеседі екен. Бізге бұл екі хан да біздің алғыс айтуымыз қажет екі сұлтан ретінде бейнеленеді. Олар негізінен бірін-біріне туыс болып келген екен. Екеуінің билікке таласпай, бір елді айрандай уйытуларының да себебі сонда болса керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter