Шығармалар ✍️
Менің әпкем
Әпке – жалғандағы ата-анадан кейінгі ең жақын жанашырын. Әркез қасында сені қолдап жүретін, қашанда саған мейірімі бөлек ерекше жан.
Менің 4 әпкем бар, бақыттымын, Аллаға шүкір. Бәрі қасымнан табылып, қуанғанда және мұңайғанда жанымнан табылып, мені қолдап жүретін жандар. Олар менің жастық шақтағы естеліктерім мен кішкентай кездегі тәтті қылықтарымды айтып отыратын мұрағат іспеттес. Кенже қыз болғасын, мені кішкентайымнан анам емес екінші әпкем жуындырып, киіндіріп, тамақтандырып мені өсірген. Мен алғаш тілім шыққанда анама емес әпкеме «мама» деп айтып, тек соның ғана қасында жүріп, тек соның сөздеріне ғана жұбанған екенмін. Бұл қылықтарым менің есімде жоқ, әрине. Мұрағаттарым – әпкелерім бұл тәтті қылықтарымды күліп айтып отырады. Оларға жүрегімдегі сырларымды қымсынбай ашық айтып, түн ұзағына сырласып отыра береміз. Әңгімеміз таусылмайды. Маған, тіпті, кішкентай кезімде бір рет мектеп формасын ғана алатынмын. Қалған киімдерді тек әпкемдерден ғана қалған киімдерді киетінмін. Мен бұдан ешқашан қымсынып, жиіркенбеймін. Керісінше, әпкелерімнің иісі сіңген жейдені киіп жүрудің өзі бір бақыт емес пе? Қазір әпкемдер әр үйдің шаңырағың түтетіп, өзіндік өмір жолдарымен жүріп жатыр. Мен осындай ғажап жандардың бауыры болғаныма шексіз қуаныштымын. Әпкемдерді шексіз жақсы көремін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter