17.01.2022
  391


Менің інім

Менің өзімнен кейін кішкентай інім бар. Ол өмірге келмес бұрын мен оны қатты күтетінмін. Мен үнемі өзімнің кішкентай бауырымның болғанын қаладым. Ол өмірге келген сәтте менен бақытты адам болмаған шығар. Мен кішкентайынан оған өзім қарап, үнемі жаныма ертіп жүрдім. Оның алғаш былдырап сөйлеген кездері менің көз алдымда қалатын мәңгілік картина. 


 


Інім әлі кішкентай болғандықтан өте бұзық. Десе де сондай қылықты. Мен оған үнемі тәттілер алып барып беремін. Дегенмен анамның айтуынша оған қазірге тәтті жеу зиян екен. Ол томпақша келген, ішін көрсеңіздер ішінде 4 келі тамақ бар сияқты. Өзі жүруді жаңа үйренген. Сәл жүрсе шаршап, қисая кететіні бар. Бір баланың осынша қылықты болғанына таң қаламын. Інім қазірге тек ана, әке, ата, апа деп қана айта алады. Бірақ мен оған тілі тезірек шықсын деп тезірек және көп сөйлесуге тырысамын.


Сабақтан келгенде үйге кіріп бұрындары анамды іздеуші едім, ал қазір інімді іздеп тұрамын көзіммен. Ол өзі бір күлегеш дерсіз. Ол күлгенде себепсіз бәріміз күлеміз. Балалы үй базар деп босқа айтпаған болуы керек. Ол өмірге келгелі өміріміз шаттанып, үйіміз қуаныш пен шаттыққа кенелді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу