17.01.2022
  289


Байлық деген не?

Әркім байлықты әрқалай түсінеді. Бірі денсаулық десе, бірі отбасы амандығы, енді бірі экономикалық қаражат. Әркімдікі өзінше дұрыс. Әлемде байлық жайлы санқилы түсінік бар. Мен байлықты сан қырлы жағынан қарастырамын.


 


Әуелгіде, байлық – денсаулық. Дені сау адамның өмірі жайдарлы, көңілі көтерінкі. Денсаулығы мықты адамның өмірге деген махаббаты риясыз болып, келешекке биік мақсаттар қойып, оны орындау жолында табанды іс-әрекеттер жасайды.


Байлықтың бір түрі – жанұя жарасымдылығы. Жалғандағы ең ыстық мекен жанұямыз. Өмірде бізді әркезде де қолдап, көмектесіп отыратын жандар бауырларымыз екені мәлім. Олармен өткізген әр сәт алтынға бергісіз ғажап сәттер. Отбасы қашанда құтты мекен. Өмірдегі ең басты жетістігіміз бірлігі жарасқан отбасы мен сыйластығы мықты бауырлар арасындағы риясыз махаббат.


Байлықтың морольдық түрі – ақша. Қазіргі таңда барлық мәселені ақша арқылы шешеміз. Киетін киіміміз бен жейтін тамағымыз, алар біліміміз бәрі ақша арқылы жүзеге асады.Қалтасы мықты адамның өмірі де жақсы болары анық. Не жеймін, не киемін деген ой ойланбайды. Алайда, адами қасиеттер ақшамен шешілмейтіні рас. Өзгені қуанту мен жақсылық жасау, қолұшын беріп көмектесу сынды жақсы істерді жасау ешқандай ақшаны талап етпейді. Ақша қолдың кірі. Бірде бар, бірде жоқ.


Бастысы өмірдегі баға жетпес байлығымыз – бір-бірімізге деген бауырмашылдығымыз бен сыйластығымыз. Арамыздағы риясыз махаббатымыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу