17.01.2022
  194


Мен өмірге ғашықпын

Өмір сүру ұзақ жолға серіксіз шыққанмен тең. Таныс емес жолдың ой-шұңқырының қай тұста келерін білмегенін секілді, өмірдің де тосын сыйларының қай тұста, қалай кезігетінін білмейміз. Бірақ қандай тосын сый келсе де құламай қасқая жауап бере алған адам ғана бұл  өмірде жетістікке жете алады. Өмір ұзын бір түзу сызық емес. Өмір қуаныш пен қайғыдан, жақсылық пен жамандықтан, кездесу мен қоштасудан тұрады. Бұл өмір заңдылығы. 


 


Алайда, өмірдің қиыншылығы келген бойда онымен күреспей жасып қалған адамның өмір сүруі қиын. Қуаныш келгенде тасымай, қиыншылық келгенде жасымай жүре білу – өмір сүре білу. Дүниеге келген сәтімізден жылап жанымызға адамдарды шақыратынымыз секілді жалғыздықта адам өмір сүре алмайды. Әркез қасымызда жанның болғанын, қуанғанымызда бірге бөлісетін, мұңайсақ жұбатып, жылы сөздерін айтатын бір жанның болғанын қалаймыз. Өмірімізде болатын кез келген жағдайдын өзіндік бір қайыры бар. Мейлі жаман болсын оның да өз қайыры бар екенін әсте ұмытпаған абзал. Кейде  ең қымбат жанымыздан айырылып, қатты қиналамыз. Әрмен қарай өмір сүре алмайтындай, тоқтап қалғандай күй кешеміз. Бірақ мұның бәрі уақытша. Уақытта бәрін емдейтін ұланғайыр күш бар. Бастысы сондай ауыр кезеңде өзіңді жоғалтып алмау, өмірлік мақсатын мен көзқарасынды өзгертпеу. Жарты жолда қалып қоймай, алға қарай адымдап жүру. Өмірде қуаныш та, қиыншылық та бәрі уақытша. Осыны жүрегінмен ұғынып, түсінген адамның өмір сүруі оңай болары анық. Дегенмен, кез келген оқиға болмасын, біз өміріміздің қадірін білуіміз қажет. Өмірге шексіз ғашық болып, әр сәттен жақсылықты алып, шад-шадымен өмір сүргенге не жетсін,шіркін?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу