Шығармалар ✍️
Жаңбыр - Алланың нұры
Табиғаттағы әрбір құбылыс өзінше ерекше. Соңын бірі – жаңбыр. Жаңбырды әркез «нұрға» теңейміз. «Жаңбырмен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «жақсының сөзі жырмен тең, жаздағы жаңбыр нұрмен тең» деген сынды халықтық мақалдар арқылы бұрынғы ата-бабаларымыздың жаңбырға ерекше сый ретінде қарағанын аңғарамыз.
Расыменде, жаңбыр арқылы табиғатқа жан бітеді. Өсімдіктер мен егіндер өсіп-өніп, гүлдер жайқала өседі. Жаңбыр әр мезгілде әрқалай жауады. Көктем мен күз мезгілдерінде әр тамшысы суық болып, жауратады. Ал жаздың жайма шуақ кездеріндегі ақ жауын адам жанын жадыратын, ерекше сезімге бөлейді. Қапырық ыстықтан демалып, жаңбырдан соң тазаланған ауаны қайта-қайта жұта бергін келеді. Жаңбыр иісі адамға сергектік сыйлайды. Күлімдеген күннің көзің жауған бұлттан соң шығатын кемпіқосақтың «сиқырлы сұлулығын» көрудің өзі ерекше бақыт. Бұлтты күндері жауған салқын жаңбыр адам жанына қимастық сезімін ұялатып, жүректегі қоламталанып жатқан ескі естеліктерді еске түсіреді. Көңілің құлазытып, бір сәт өткенге оралтады. Міне, расыменде, ауа-райы адам көңіл-күйіне тікелей әсер етеді. Мен жаңбырды шексіз жақсы көремін. Жаңбырдын астында үстім малмандай су болғанша жүріп, өз-өзіммен сырласамын. Сол арқылы жаным жай тауып, бойымды ерекше сезім билеп, демаламын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter