17.01.2022
  131


Алғашқы қар. Мамық қар

Күздің қоңырқай салқыны қыстың аязына ұласты. Бүгін таңертең оянсам ғажайып оқиға болыпты. Айнала аппақ қарға оранған. Алғашқы қар. Даладан қарайған затты таба алмайсын. Көліктерді, ағаштар мен үйлердің шатырларын қар басқан. 


 


Ағаштар бұтақтарындағы қардың салмағымен майысып тұр. Көшелерді қар тазалаушылар тазалап, әкем үйдің ауласындағы қарларды күреп жүр.  Бәріміз жаздың аптап ыстығы мен күздің дауылды кездерінде қарды аңсаймыз. Қыс мезгілі тазалық пен сергектіктің белгісі іспеттес. Ақ түс адалдық пен пәктіктің символы. Қар жауған кезде әлем ерекше нұрланып кетеді. Жердегі аппақ қарға күннің шұғылалы сәулесі түсіп, өзгеше сұлулықты көрсетіп тұ. Алғашқы қар жауғанда бәріміз қуандық. Әсіресе кішкентай балалар бұл мезгілді асыға күтеді. Қар жауа шаналарын сүйреп, бір-бірімен қар атысып ойнап, аққала жасауға асығады. Бірі құлап, бірі сүрініп бәрінің ауыздарынан бу шығып, тоқтаусыз ойнап жүреді. Кеш қарая үйге қайтса да тағы ойнағылары келіп, далаға телміре қарап отырады. Бұл уақытта күн қысқарған. Қар жауған күні ауа тазарып, адам жанын жадыратып, сергектік сыйлайды. Мен қарды шексіз жақсы көремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу