17.01.2022
  494


Бейбітшілік күні

Әлем бейбітшілік болған кезде сұлулана түседі. Бейбітшілік – әрбір адамның қасиетті құндылығы. Адамзат баласы әркезде де бірлігі мен ынтымағы жарасқан, тыныш та бейбіт заманда өмір сүргісі келеді. Соған қашанда талпынып, әрекет жасайды.


 


Бейбітшілік – әрбір жанның өз елінде еркін өмір сүріп, тыныш өлкеде болашағын құру. Өмір сүріп жатқан ортанда соғыс болып, адамдар бір-бірімен төбелесіп жүрсе бұл жерде ешқандай да өз болашағынды құру мүмкін емес. Сол себептіде өз болашағының жарқындығын ойлаған адамдар  бейбіт ортада өмір сүргісі келеді.


Қазақстанның басты байлығының бірі – бейбітшілігінде. Бір аспанның астында қаншама ұлт өкілдері татулық пен бірлекте өмір сүріп жатыр. Өз келешегіне жасаған мақсаттарына нақты қадамдар жасап әрекеттенуде. Күнде зембірек пен айқай-шудың дауысынан емес, сыңғырлаған шат сәбидің үнінен оянып жүр. Қала сұлулығына сән қосып биік ғимараттар салынып, халық өз басының тірлігмен арлы-берлі жүруде. Мұның бәрі бейбітшілік пен татулықтың арқасында.


БҰҰ 1982 жылы бүкіл әлем бойынша тыныш заманды құруды ұсынып, Халықаралық Бейбітшілік күнін белгіледі. Сол уақыттан бері әлем жұрты 21 қыркүйекті бейбітшілік күні деп атап өтеді. Бұл күн адамдарға бейбітшіліктің баға жетпес байлық екенін, адамзат болашағының жарқын болуының басты тірегі екенін түсіндірері анық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу