17.01.2022
  208


Алматы. Алғашқы махаббатым

Алматы - Қазақстанның екінші астанасы саналатын тарихы терең қала. Қала кең жолды, биік ғимаратты, ерекше пейзажды мекен. Расымен де, бұл қаланың сұлулығына көз тоймайды. Ең ерекше жері қаланың көркем табиғат пен заманауи ғимараттарды біріктіріп, өзгеше көрініс беруінде деп білемін. Туристер үшін демалатын көрнекті орындарға бай.


 


Кейде Алматыны субұрқақтар қаласы деп те атап жатады. Олай деуіне себеп көп. Себебі қалада екі аттасаң субұрқақтан көз алмайсыз. Ал екінші ерекшелігі мұндағы кептеліс, әрине, мақтануға келмес дегенмен де, Алматының түндерінде жоғарыдан қараған көліктер кептелісіне жететін көрініс жоқ. Қала көптеген ойын-сауық орындарымен, ірі сауды орталықтарымен, көптеген білім ордаларымен мақтана алады. 


Көктөбе қаланың ең көрікті орындарының бірі болар. Көктөбеге шығатын аспа жолы да оған қосымша ерекшелік беріп тұғандай. Көктөбенің үстінен Алматы мегаполисі алақандағыдай көрінеді. 


Медеу еліміздегі ең ірі мұз айдыны. Мұнда әлемдік деңгейдегі қысқы олимпиада ойындары өтеді. Сондай-ақ бұл жер өзінің көрікті пейзажымен ерекше. 


Алматы бір жағынан шулы, бір жағынан тыныш өңір. Табиғаты мен климаты адамның өмір сүруіне өте жайлы саналады. Ал үзілмей жауатын жауына қаланы Парижге ұқсатады. Тау маңында орналасқандықтан жазы анау айтқандай ыстық емес, ал қысы қатты суық емес. Сондықтан болар қазақстандықтар мұнда көшіп келгенді жақсы көреді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу