Өлеңдер ✍️

  15.01.2022
  371


АЙГЕРІМ САБЫР

Білімді жастар

Білімді жастар – қоғамдық даму жеңісі,
Өрлесе жастар өрлейді барша ел іші...
Шабытым қолдап, жыр арнасам Еліме
Бұл да бір жас ақын қызыңның жемісі.
Жастарың бар...
Болашаққа жарқын өмір бастаған,
Осы күнді Мағжан, Ілияс,
Сұлтанмахмұт та аңсаған:
«Күн болам, – деп, – қараңғы қазақ көгіне»;
«Мен жастарға сенем (ін)», – деп Мағжан жырлаған.
Аттанса-дағы тым ерте мәңгі өмірге,
БЕКЗАТ, ДЕНИС-тей жастарым тұрар көңілде.
«Айнадан» келген ажалы Денис ұлыңның
Еңбегі қалар «ЖАРҚЫРАП АЙДЫН ТӨРІНДЕ».
Бар әлемге атағы жеткен Әміредей,
Мүмкін емес тыңдамау даусын тебіренбей,
Маңдайыңа біткен жұлдыз –
ДИМАШ-тайын бұлбұлың,
Талай елде сайрап жүр ғой бүгінде-ей.
Мойындатты қоңыр үнді домбыраңды әлемге,
«Дайдидау-айды» шырқайды қазір әр елде.
Сезілетін қазақ иісі әрбір айтқан сөзінен,
Мақтанамыз ДИМАШ дейтін «алтын ұлмен» бүгінде!
Қанат Исламдай...
Рухы биік, айбынды жастар тағы бар,
Елеусінов Данияр барда,
Атағы елдің аспандар.
Үздік атанған талай әлемнің төрінде,
Әбдумәлік Жансаядай,
Шахматшы талант тағы бар.
Символында Жастар жылының биылғы,
Белгіленген қиқулап ұшқан ТЫРНАЛАРДЫҢ жиыны,
Жастарымыз БІРЛЕСЕ қызмет етсе егер,
«КҮШ» пайда болар,
Жеңетін бар қиынды.
Логотиптегі әр түстің мазмұн-мәні бар,
Терең үңілсе әрбір жас сырын ұғынар:
 Айқын болса мақсатың, жас ұланым,
ҚЫЗҒЫЛТ-САРЫ, бұл – ТҰРАҚТЫЛЫҒЫҢ сақталар.
КӨК түсіне болсаң егер мән берер,
ТАЗАЛЫҒЫН рухани жанның білдірер,
Көңілің таза, шынайы ниет болса егер,
Қол жетімді көрінер барлық мінбелер.
КӨГІЛДІР түс – достық, бірліктің белгісі,
Бірлік бар жерде көркейер барша ел іші.
Көктегі КҮНДІ сипаттар – САРЫ түс болса,
Қол жеткізсе, КҮНГЕ – ол жастар жемісі.
АБЫЛАЙДЫҢ бір арманы – бейбітшілік заман ед(і),
91-де Тәуелсіздік туын қолға алып ек.
НҰР АҒАМЫЗ талай еңбек сіңірді,
Көркейсін деп, сөгілмесін ірге деп.
Жолдаймын мен өлеңменен,
Құрдастарға сөзімді,
Өз еліңе еңбек етіп,
Төге берші теріңді.
Мүмкіндік бар Елбасымыз ұсынған,
«Мәңгілік ел» идеясы да нығайтады сенімді.
Елімізге қызмет етіп, барды елмен көрейік,
Туған елдің батасымен өркендейік, өнейік!
Армандаған осы күнді, еркін, азат өмірді
Қанын төккен бабаларды еске алып жүрейік!
Кел, ендеше, бір арнаға бірігейік, замандас,
Биік болса рухымыз,
Біз бәрін де жеңеміз!
Еліміздің болашағы –
Біз – ЖАСТАРМЫЗ, сенеміз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу