Өлеңдер ✍️
* * *
Дүрмек жылдың естіп өскен дүбірін,
Мен қазақтың ұлымын.
Бабам төрге қойып кеткен, байырғы,
Тұғырының жалғастырам ғұмырын.
Себебі, біз алыппыз.
Саф алтынмен сара жолды салыппыз.
Кіндік жіпті, бес әріптен таңыппыз.
Қарт кеуделі қазыналы қарттардың,
Ақ батасын алып өскен халықпыз.
Қазір қоғам, заман өзгерді,
Болашаққа том-том арман көзделді.
Бабам артқан ақ бата мен сенімді,
Ақтайтұғын кез келді.
Арыстардың салған ізін жол қылам,
Олар менің мұнартатын мол мұрам.
Маңдай терін ақтайықшы бабаның,
Аунап түссін орнынан.
Жандандырып ауыл менен қалаңды,
Танытсақ деп жері дархан, даламды.
19-дан жастар жылын бастайық,
Таңдандырып 18 мың ғаламды.
Санамызға сақтап алып сан ғұрып,
Тастайықшы жастар жылын жандырып.
Естір құлақ, көрер көздің барлығын,
Жастар жүрсін таң қылып.
Елбасының артқан үлкен үмітін
Жалғайықшы шам қылып.
Абай, Мұхтар, Мұқағали туған жер,
Тұғырынан құламасы заңдылық.
Мағжан сенген жастар болсақ шынымен,
Қазақ елін ел қылайық мәңгілік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter