Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.01.2022
209
Маған ешкім дәл сендей бола алмайды!
Текті жердің әкелсін толған айын,
Сеннен өзге ептіні, қомағайды.
Қақ алдыма қойса да ең сұлуды,
Маған ешкім дәл сендей бола алмайды.
Бола алмайды дәл сендей маған ешкім,
Басқаға емес, бәрі ауған саған естің.
Хан қызында әкелсін, хор қызында,
Қай сұлу да басыма бақ емес дым.
Бақ емес дым, басыма қай сұлуда,
Жұмыр жүрек жаныңда жайсынуда.
Көркем мінез көрсетсін көріктіні,
Тартылмайды тамырым тайсынуда.
Тайсынуда тамырым тартылмайды,
Қызды берсін шығарар атымды әйгі.
Ақылдыға, арлыға сеннен өзге,
Сыр айтарым, сезімім артылмайды.
Артылмайды сезімім сыр айтарым,
Сенің қымбат бәрінен сірә, ай, хәлің,
Таңдағаным, көзімнің нұры өзің,
Саған ешкім жетпейді, шын айтамын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter