Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  138


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ЖҮРЕГІМ

Тіршіліктің ақтарып сап сандығын,
Ауыр саған сезіп, білу барлығын.
Зұлымдықтың, сатқындықтың салмағы,
Неге саған түседі екен, жалғызым...
Кетеді өмір сабақтары сұрыңды ап,
Өте алмайсың деп қасынан бірін жат.
Ата-анадан безіп шыққан сорлының,
Темір қолы тұрды сені сығымдап...
Шаттығыңның көзі болмай тыныш күн,
Қуанта алмай ұлы күні ұлыстың,
Сәби көріп, лақтырылған далаға,
Тоңған күзгі жапырақтай бүрістім...
Жорғалады жанарыңнан бар шуақ,
Өзегіңе у тамады тамшылап –
Өліп бара жатса ормандар өртеніп,
Өліп бара жатса теңіз қансырап...
Болып кенет үміт нәрсіз, арман сап,
Үздігесің өр намыс пен арды аңсап –
Ой-санасы бір-ақ тұтам жандардан,
Ана тілім зәбір көріп қалған шақ...
Арай тұтып тұрса да аппақ арманың,
Қауіптерге толы ылғи жан-жағың.
Ойсыз біреу бас қатырып жатпастан,
Ойнап тұрып, салып алды қармағын...
...Күндерімнің бірі кетіп, бірі кеп,
Ауыртса да, түйреп олар мың ретСан майданнан алып шығып келесің,
Қан жоса боп, жүрек деген құдірет ...
***
Жүрек, жүрек, сен жайлы сөз тіпті көп,
Бірін тас деп, енді бірін санап жатар түктіге.
Бірақ мейлі, өз жүрегім сау болсын!-
Не демейді жұрт, түге.
65
Әй, сонда да қызық қой бұл тақырып,
Біреу күліп, біреу одан зардап шегер аһ ұрып.
О, мейлі, айтпайыншы сондайды,
Жамандықты шақырып.
Жоқ, жоқ неге, жаман айтпай жақсы жоқ,
Айтпасаң да ажал жетсе жарып кетер тасыр оқ.
Бұл жүректер сезіп қойғыш әуелден,
Кетер сөйтіп бақсы боп.
Жүрек. Жүрек, өз қолыңда біз бүгін,
Кейде еркінсіп, билеп кетіп жүрсек тағы тізгінін.
Тек әйтеуір өз шегіңнен шықпашы,
Сонда мен де ізгімін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу