04.01.2022
433
Он бесінші сәуір, ғашықтар күнімен (жігітке)
Ғашықтардың еліне бір барайық,
Бірге жайнап, жадырап жанданайық.
Келіп жеткен бүгінгі мерекеде,
Біз екеуміз жүрекпен ән салайық.
Қозы менен Баяндай сезім жанып,
Пәк сезімнің бақытына бөленейік.
Төлеген мен Жібектей жүрек үндеп,
Махаббат айдынында тербелейік.
Он бесінші сәуір бұл ерекше күн,
Ғашықтардың мерекесі дем беретін.
Құтты болсын ғашықтар мерекесі,
Пәк сезімнің құшағында тербелетін.
15 сәуір ғашықтар күні ер азаматыма тілек жігітке тілек ғашықтар күні құтты болсын Жігітіме тілек ғашықтар күніне тілек махаббат күні махаббат күніне арналған тілектер ғашығыма тілек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter