04.01.2022
  242


Автор: Жібек Ысқақова

14 ақпанмен құттықтаймын! (жігітке)

Ғашықтардың жүректері бір соғар,
Шаттығына бөлесін бүгінгі күн.
Құттықтаймын ғашықтардың күнімен,
Арналады өзіңе ән менен жыр.

Бүгінгі күн біз үшін ерекше күн,
Махаббаттың сезімі алаулайтын.
Бір барайық сезімнің гүл бағына,
Өзге ешкім ол жақа бара алмайтын.

Өзіңменен әр күнім жайма шуақ,
Бір өзіңнен аламын жанға қуат.
Жүрегімнің иесі мәңгі өзің,
Жүре алмаймын сүйіктім сенен жырақ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу