Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  153


Автор: АЙБЕК ӘБІЛҚАЛЫМ

Жастар

Жастар, жастар, дәуірлес замандастар!
Биылғы жыл біздікі қадам бастар.
Қариялар қуансын жас буынға,
Жалындайық жастықта адал, достар!
Жастар, жастар үйленсін үйлі болсын,
О, ғажап, отбасылық күйді көрсін.
Немересіз қалмасын ата-анамыз,
Келін түспей көзге жас үйірілмесін.
Жастық деген жарықтық шақ шытырман,
Жастық көңіл кірпияз баққа ұмтылған.
Жастық деген жарқ етер жайдың оты,
Күркіреген аспандай сәт жұлқынған.
Жастар, жастар жетілсін өркендесін,
Қабырғасын қазақтың көркемдесін.
Отан ана қойнында бағы ашылып.
Жанашыр баласындай еркелесін.
Жастығыңда жат шіркін шаршау деген,
Жазылуда жастықпен қанша өлең.
Кәрі отыр бір жылын алмастырып,
Бір күніне жастықтың алсам деумен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу