Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.01.2022
126
Терезе
Аласасы айқындалмас биіктік,
Төпелетіп төге алмаса сұйықтық,
Көмейіме күйік дәмді шер толып,
Өз отыма өлер едім өртеніп.
Тереземде сыбырласты тамшылар,
Сөзбен жанын былғамай,
Қояр едім күбірлерін тыңдамай,
Арғы жақта бір сағыныш елеңдеп,
Жылап қарап тұрғаны-ай.
Бергі жағы тереземнің
Арғы жақтан алыс тым.
Бұл шетінде өз отыммен алыстым.
О жағында сыр шертіліп жатқандай,
Жеткізбек боп сағынышын ғарыштың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter