Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.01.2022
160
Сұлу Сәуір
Сұлу Сәуір,
Күле қалсаң, саған қарап жымиып,
Ал жыласаң, ауырады жүрегім.
Көктем-көркің келбетіңде бұйығып,
Биыл тағы түледің!
Асығады адамдар,
Байқап, әлде байқамай!
Дәл былтырғы қателігін қайталай...
Сенің салқын шақтарыңды сөз етіп,
Жүрміз тағы өзімізді мезі етіп.
Қауырт әлі,
Бұрынғыдай адамдардың өмірі.
Ауыртады,
Бір-бірінен жылдам қалып көңілі.
Сәуір таңы –
Бұл бітпейтін мехнаттың,
Жалғыз ғана сенімі!
Сәуір-мұң,
Бірде тәуір, бірде ауыр хәлімнің,
Сырын ұқпай ауырдым.
Махаббат деп атай салдым содан соң,
Жүректегі атын ескі жауырдың!
Сырға тағып,
Сан миллиард гүлдерден.
Сәуір тағы көктеді!
Миллиардтардың үміті ғой күнде солып,
Күнде өнген!
Айтып едім ғаламға,
Ал ғаламның ештеңесі кетпеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter